Кездесу 9 қазанда өтеді
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Индиан-Уэллсте өтіп жатқан WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Әйелдер арасындағы жекелей сынның бірінші айналымында ол германиялық Андреа Петковичті 7:6 (7:2), 6:1 есебімен ұтты.
Путинцеваның ендігі қарсыласы Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы - елдің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина болады. Ол турнирді бірден екінші айналымнан бастайды.
Қос теннисшінің арасындағы ойын 9 қазанда өтеді.