Жекпе-жек жаттығуларына қызу дайындалып жатырмыз - Қанат Ислам

Автор: Azattyq Rýhy

Ол соңғы рет эквадорлық боксшыны жеңген болатын

Фото: aikyn.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам жекпе-жекке қызу дайындалып жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құрметті менің жанкүйерлерім, біз жекпе-жек жаттығуларына қызу дайындықтамыз. ИншАллах, жақында жақсы жаңалықтармен бөлісеміз. Сіздерге Түрік елінен жалынды сәлем!» - деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы рет биыл 20 ақпанда АҚШ-тың Майами қаласында эквадорлық Джейсон Миндамен (14-4-1, 8 КО) күш сынасып, жетінші раундта нокаутпен жеңген болатын.