Александр Винокуров Ниццада өткен жарыста топ жарды

Автор: Azattyq Rýhy

Спортшы жарыстың оңайға соқпағанын айтты

«Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров Ницца қаласында өткен Ironman 70.3 чемпионы атанды. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы қашықтықты 4 сағат 55 минут және 22 секундта өтіп, өзінің жас тобында бәрінен үздік шықты. Оның ішіне жүзу, велосипед тебу кезеңі мен жүгіру енген. Ironman 70.3 жарысына жүзу, велосипед және жүгіру енген.

47 жастағы спортшы жарыстың оңайға соқпағанын айтты.

«Бұл жарыста жеңіске жету қиын болды. Жеңісімді Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймын», - деп жазды Instagram желісінде.

Еске салайық, жуырда Александр Винокуров «Астана» велокомандасының бас менеджері қызметіне қайта оралып, команда жаңа вело-маусым алдындағы дайындығына кірісіп кетті.