Қазақстандық паралимпиадашылар Токиоға аттанды
Паралимпиада ойындары 24 тамызда басталып, 5 қыркүйекте аяқталады
Токиода 25 тамыз - 5 қыркүйек аралығында Паралимпиада ойындары өтеді. Биыл 25 паралимпиадашы Қазақстан атынан спорттың 7 түрінен өнер көрсетеді. Оның ішіндегі кейбір жарыс түріне еліміз алғаш рет жолдама алған екен.
Қазақстандық паралимпиадашылар жүзуде 7 жолдама, дзюдодан 5 жолдама, пауэрлифтинг бойынша 5 жолдама, таеквандодан 3 жолдама және жеңіл атлетикадан 2 жолдама жеңіп алды. Оған қоса, пара-каноэ және нысана көздеп ату спорт түрлері бойынша Паралимпиада ойындарына алғаш рет Қазақстан атынан спортшылар жолдама алды.
Бүгін ел намысын қорғайтын паралимпиадашылар Токио қаласына аттанды.
Айта кетейік, Қазақстанда Олимпиада мен Паралимпиада ойындарында биіктен көрінген спортшыларға мемлекет тарапынын сыйақы мөлшері бірдей тағайындалады. Атап айтсақ, бірінші орын алған спортшыға 250 мың доллар, екінші орынға 150 мың доллар және үшінші орынға 75 мың доллар мөлшерінде сыйақы төленеді.