«Қайрат» клубының бас бапкері отставкаға кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Кирилл Кекер клуб басшылығына алғысын айтты

Кирилл Кекер, фото: fckairat.com

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер алматылық ұжымның «Алашкерт» командасына қарсы сәтсіз ойынынан кейін отставкаға кету туралы өтініш берді.

«Өкінішке қарай, көздеген нәтижеге қол жеткізе алмадық. Осыған байланысты клубтың бас бапкері міндетінен кету туралы шешім қабылдадым. Алматылық клубтың бас бапкері міндетін сеніп тапсырған команда басшылығына алғысымды айтамын», - деді Кирилл Кекер.

Алдағы «Қайрат» пен «Каспий» клубтары арасындағы матчта алматылық ұжымның бас бапкері міндетін Артем Гавриленко атқарады.

Еске салайық, 12 тамызда Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» командасы армениялық «Алашкерт» клубынан 3:2 есебімен жеңіліп қалды.