Токио-2020: Қамшыбек Қоңқабаев мысырлық қарсыласын жеңіп, ширек финалға шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Оның келесі қарсыласы – ресейлік боксшы

Olympic.kz

Аса ауыр салмақта (+91 кг) өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада ойындарының ширек финалына жолдама алды. 1/8 финалда ол мысырлық боксшы Eсри Мостафаны 5:0 есебімен жеңді.

Қазақ боксшысы үш раунд бойы қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсетті. Төрешілер де әр раундта ұпайды Қамшыбек Қоңқабаевқа берген.

Енді ол ширек финалда ресейлік боксшы Иван Вериасовпен жұдырықтасады.

Еске салайық, бұған дейін ригке шыққан тағы бір қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (75 кг) да өзбек боксшысын жеңіп, ширек финалға жолдама алған болатын.