Ол енді үшінші орын үшін кортқа шығады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Олимпиада ойындарының жартылай финалында швейцариялық Белинда Бенчичтен жеңіліп қалды.
Бірінші сетте ойын тай-брейкке дейін жетіп, 7:6 есебімен Бенчич басым түскен. Екінші сет Рыбакинаның жеңісімен 6:4 есебімен аяқталды. Алайда, шешуші сетте жерлесіміз қолда тұрған ұпай басымдығына қарамастан қарсыласынан айласын асыра алған жоқ, қорытынды есеп 6:7, 6:4, 3:6.
Матч 2 сағат 46 минутқа созылды. Үш сетте Рыбакина 14 эйс, 7 рет дабл-фол, Бенчич болса 6 эйс, 12 дабл-фол жасады.
Енді Елена Рыбакина Олипиада ойындарының қола медалі үшін Свитолина-Вондрусова жұбының жеңілгенімен кортқа шығады.