Есеп 5:0, америкалықтың пайдасында
Токио Олимпиадасында өнер көрсетіп жатқан Қазақстан боксшыларының саны тағы біреуге қысқарды. 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Серік Теміржанов 1/8 финалда америкалық Дюк Раганнан жеңілді.
Америкалық боксшы төрешілердің шешімімен үш раунд бойы басымдықты уысынан шығармаған. Нәтижесінде 5:0 деген есеп тіркелді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан боксшыларының сапынан Абылайхан Жүсіпов, Василий Левит және Надежда Рябец жеңіліп қалған болатын.