Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында үш қола медаль бар
Брасс әдісімен 200 метр қашықтыққа жүзуде жерлесіміз Дмитрий Баландин Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады. Осы қашықтықта ол Рио Олимпиадасының чемпионы атанған болатын.
Еске салайық, кеше ширек финалда Баландин мәрені жетінші болып кесіп, жартылай финалға жолдама алған еді. Бүгін де ол жетінші келді. Бірақ 2:09:22 уақыты оның финалдық кезеңге өтуіне мүмкіндік берген жоқ.
Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында үш қола медаль ғана бар.