Токио-2020: Василий Левит испан қарсыласынан нокаутпен жеңілді

Жекпе-жек екінші раундтың басында тоқтатылды

Токио Олимпиадасында өнер көрсетіп жатқан қазақстандық боксшы Василий Левит (91 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) испан боксшысы Эммануэль Рейстен жеңіліп қалды.

Жерлесіміз жарысты 1/8 финалдан бастаған. Испан боксшымен болатын жекпе-жекте спорт сарапшылары Левиттің жеңетініне күмән келтірген жоқ. Алайда, Қазақстан боксшысы екінші раунд басталған сәтте қарсыласынан бірнеше ауыр соққы жіберіп, құлап түсті. Рефери алдымен нокдаун санап, есеп ашқан, алайда Левит аяғында тұра алмағаннан кейін жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.

Испан боксшысы енді кубалық атақты боксшы Хулио Сезар Ла Круспен жұдырықтасады.

Еске салайық, бүгін 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Абылайхан Жүсіпов те жеңіліп қалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.