Токио-2020: Елдос Сметов жартылай финалда

Автор: Azattyq Rýhy

Ол финал үшін тәжірибелі жапон палуанымен белдеседі

prosports.kz

Олимпиада ойындарында 60 келіге дейінгі салмақ дәреджесінде Қазақстан намысын қорғап жатқан дзюдошы Елдос Сметов жартылай финалға шықты.

Ширек финалда Сметов корей дзюдошысы Ким Вун Чжинмен татамиге шыққан болатын. Жерлесіміз қарсыласына екі рет вазари әдісін қолданғаннан кейін төреші белдесуді уақытынан бұрын тоқтатып, жеңісті қазақ палуанына берді.

1/8 финалда Елдос түрік қарсыласын иппон әдісімен жеңген болатын. Енді ол жартылай финалда тәжірибелі жапон дзюдошысы Наохиса Такатомен белдеседі.