Еліміздің үздік жас боксшылары бас қосқан республикалық біріншілік 15–22 қараша аралығында өтті
Астана қаласында бокстан жастар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Шығыс Қазақстан облысының құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жалпы саны алты жүлдеге ие болды. Оның екеуі – алтын, біреуі – күміс және үшеуі – қола медаль, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еліміздің үздік жас боксшылары бас қосқан республикалық біріншілік 15–22 қараша аралығында өтті. Жарыста Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаған спортшылар бірнеше салмақ дәрежесінде жүлдегер атанды.
Атап айтқанда, 50 келіге дейінгі салмақта Арман Мырсабит, ал 55 келіге дейінгі салмақта Жұмағали Нұрмахан алтын медаль жеңіп алып, ел чемпионы атанды. 70 келіге дейінгі салмақта Алдияр Баяндинов күміс жүлдеге ие болды. Ал Баянды Шафих (55 келіге дейін), Сұлтанәли Әділкәрімов (70 келіге дейін) және Ринат Ерболұлы (90 келіге дейін) қола медаль иеленді.
Осылайша, ШҚО жастар құрамасы ел біріншілігін алты медальмен аяқтап, алдағы халықаралық жарыстарға іріктеу кезеңінен сәтті өтті.