Енді бірнеше сағаттан соң ол финалға шығу үшін жапониялық Ёшинасуке Аоягимен белдеседі
Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатында отандық балуан Нұрқожа Қайпанов мерзімінен бұрын таза жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлімдегендей, отандасымыз 74 кг дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Тәжікстан өкілі Виктор Рассадинмен шеберлік байқасты.
Әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов ширек финалдық кездесудің алғашқы секундтарынан бастап белсенді шабуылдап, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде қазақстандық балуан Рассадинді мерзімінен бұрын таза жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Енді бірнеше сағаттан соң ол финалға шығу үшін жапониялық Ёшинасуке Аоягимен белдеседі.
Айта кетейік, екі спортшы бұған дейін 2024 жылдың күзінде Тиранада өткен әлем чемпионатының финалында кездесіп, сол жолы Нұрқожа Қайпанов жеңіске жеткен еді.