«Бернли» қазір турнирлік кестеде 22-орында тұр
Қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаевтың «Бернли» командасындағы бас бапкері ауысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Команданың жаңа бас бапкері болып 50 жастағы швейцариялық Фабио Челестини тағайындалды. Оның келісімшартының мерзімі әзірге белгісіз. Ал «Бернли» жаңа бапкерінің жаттықтыруымен алғашқы ойынын Чемпионшиптің 13-турында «Портсмутқа» қарсы өткізеді.
«Бернлиге» қарап әлеуеті жоғары, таланатты ойыншылары жеткілікті команданы байқаймын. Қазір қандай жағдайда екенімізді жақсы білемін. Жанкүйер қауым бізден үлкен жетістіктерді ғана күтеді», – деді Фабио Челестини.
«Бернли» бұрынғы жаттықтырушысы Ники Хайенмен биылғы маусымда 12 ойын өткізіп, тек біреуінде ғана жеңіске жетті. Команда қазір 22-орында, төменгі дивизионға ұшып кетудің алдында тұр.
Айта кетейік, Дастан Сәтбаев биыл «Челсиден» «Бернлиге» жалға ауысқан. Жаңа ұжымның негізгі құрамында бірқатар ойынға қатысып үлгерді.