Ол қола медаль үшін күресте украиналық қарсыласынан басым түсті
Қазақстандық балуан Шұғыла Өмірбек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол 55 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін украиналық Снежана Онуфриевамен белдесті. Тартысты сында Шұғыла Өмірбек 11:10 есебімен басым түсті.
Осылайша, Қазақстан әйелдер күресінен әлем чемпионатында алғаш рет медаль алды.