Ол финалда жапониялық спортшыдан жеңіліп қалды
Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова күрестен Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
76 келіге дейінгі салмақтың финалында отандасымыз жапониялық Юка Кагамимен жолықты. Белдесуде 5:1 есебімен Жапония өкілі жеңіске жетті.
Ал Эльмира Сыздықова Азиаданы күміс медальмен қорытындылады.
Айта кетейік, бұл Эльмира Сыздықованың Азия ойындарындағы екінші жүлдесі. Бұрымды балуанымыз бұған дейін Джакарта-2018 ойындарында қола медаль алған.