Азия ойындары: боксшы Махмұд Сабырхан жартылай финалда ұтылып, қола медальға ие болды

Автор: Асыл Арман

Ол жартылай финалда Филиппин боксшысынан жеңіліп қалды

Фото: Olympic.kz/Арлан Олжабай

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалына өте алмай қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандық былғары қолғап шебері 55 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Карло Пааламмен (Филиппин) кездесті.

Тартысқа толы жекпе-жекте Филиппин өкілі 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Махмұд Сабырхан үшінші қола медальді қоржынға салды. Бұған дейін Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін) және Наталья Богданова (75 келіге дейін) қола алған еді.