Ол жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысынан жеңіліп қалды
Қазақстандық спортшы Арайлым Шегенова Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында кураштан қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Арайлым Шегенова 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Финалға жолдама алу үшін өткен белдесуде қазақстандық спортшы Оңтүстік Корея өкілі Ким Мин Ёнмен кездесті. Бұл бәсекеде кореялық спортшы жеңіске жетті.
Осылайша, Арайлым Шегенова Азиада-2026-ның қола медалін иеленді.