Азия ойындары: Нұрбек Оралбай өзбекстандық боксшыдан жеңіліп қалды

Автор: Асыл Арман

Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақта сынға түсті

Фото: Olympic.kz/Арлан Олжабай

Нұрбек Оралбай Азия ойындарының ширек финалында өзбекстандық боксшыдан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандасымыз 90 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Нұрбек ширек финалда өзбекстандық Турарбек Хабибуллаевпен жұдырықтасты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіліп қалды.