Ауыр атлет Аянат Жұмағали Азия ойындарында күміс медаль алды

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол жалпы 246 келіні еңсерді

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық ауыр атлет Аянат Жұмағали Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Отандасымыз әйелдер арасында 77 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.

Ол жұлқа көтеруде 109 келіні, серпе көтеруде 137 келіні бағындырды. Осылайша Аянат қоссайыс қорытындысы бойынша 246 келіні еңсерді.

Қытайлық Хэ Жэньсю алтын медаль жеңіп алды - 258 (118+140). Рейхане Карими (Иран) үздік үштікті түйіндеді 243 (107+136).