Ол жартылай финалда ирандық спортшыдан жеңіліп қалды
Қазақстандық спортшы Әлижан Аблағатов ушу-саньдадан Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында жеңімпаздар қатарынан көрінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Финалға шығу үшін өткен жекпе-жекте Әлижан Иран өкілі Эрфан Мохаррами Пирагомнан жеңілді.
Осылайша жерлесіміз 2026 жылғы Азия ойындарын қола жүлдемен аяқтады.