Қазақстандық спортшы спорттық жүрістен 1 сағат 35 минут 25 секунд нәтиже көрсетті
Жеңіл атлетикадан Кристина Морозова Жапонияның Айти – Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына күміс медаль салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Спорттық жүріс сайысында Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі 1 сағат 35 минут 25 секунд нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болды. Алтын медальды 1:33:40 нәтижесімен қытайлық Ян Люцзин жеңіп алды. Үздік үштікті 1:35:26 көрсеткішімен тағы бір қытайлық спортшы Юньянь Цзян түйіндеді.
Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Эльмира Калимуллина алтыншы орынға тұрақтады. Оның нәтижесі – 1 сағат 43 минут 21 секунд.
Кристина Морозованың күмісі төрт жылда бір өтетін құрлықтық додада Қазақстан құрамасының медаль қорын толықтырды. Азия ойындарындағы жеңіл атлетика жарыстары жалғасып жатыр. Қазақстандық спортшылар бағдарламадағы келесі сайыстарда жүлде үшін күресті жалғастырады.