Бұл — Алексей Луценконың мансабындағы төртінші Азия ойындары және құрлықтың басты додасында жеңіп алған бесінші алтын медалі
Алексей Луценко Айти–Нагояда (Жапония) өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальды салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі ерлер арасындағы тасжол велоспортынан жекелей уақытқа жарыста жеңімпаз атанды.
Бұл — Алексей Луценконың мансабындағы төртінші Азия ойындары және құрлықтың басты додасында жеңіп алған бесінші алтын медалі.
Бұған дейін қазақстандық велошабандоз Инчхон, Джакарта және Ханчжоудағы Азия ойындарында жекелей уақытқа жарыста чемпион атанған. Сондай-ақ 2018 жылы Джакартада топтық жарыста алтын медаль иеленсе, Ханчжоудағы Азия ойындарында осы бәсекеде күміс жүлде жеңіп алды.
Осылайша, Алексей Луценко Азия ойындарындағы табысты өнерін жалғастырып, өзінің жүлделер қорын бесінші алтын медальмен толықтырды.
Алексей Луценко — 2017 жылғы Азия чемпионы және 2012 жылғы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионы.
Еске салайық, XX жазғы Азия ойындары Айти–Нагояда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.