Елдос Сметов әлем чемпионатына қатыса ма: ұлттық құраманың тізімі жария болды

Автор: Темірхан Айжан

Дзюдодан әлем чемпионаты Бакуде 4-11 қазан аралығында өтеді

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстанның Дзюдо федерациясы Әзербайжанның Баку қаласында өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасай отырып.  

Қазақстаннан әлем чемпионатына 15 дзюдошы қатысады. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жоқ.

Ерлер:

60 келіге дейін – Бақытжан Аман, Шерзод Давлатов;

66 келіге дейін – Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатхан;

73 келіге дейін – Есет Қуанов, Ансарбек Ғайнуллин;

81 келіге дейін – Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар;

90 келіге дейін – Данил Крылов қатысады.

Әйелдер:

48 келіге дейін – Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева;

63 келіге дейін – Есмигүл Қуюлова;

78 келіге дейін – Аруна Жангелдина;

78 келіден жоғары – Ақерке Рамазанова, Камила Берлікәш қатысады.

Қазақстандық дзюдошылар жеке жарыста бақ сынап, кейін аралас командалық турнирге қатысады.