Қазақстандық 16 жастағы гимнаст Гран-при турнирінде бес медаль жеңіп алды

Автор: Алмас Ерсін

Ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда алтын медаль жеңіп алды

Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық 16 жастағы гимнаст Ақмарал Ерекешева Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при кезеңінде бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандасымыз жекелей көпсайыста екінші орын алған еді. Сондай-ақ жекелей жаттығулар бойынша төрт финалға шықты.

Нәтижесінде Ақмарал шығыршықпен орындалатын жаттығуда 29.150 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды.

Ал доппен орындалатын жаттығуда 28.000 ұпай, ұршықтар бәсекесінде 29.050 ұпай және таспамен орындалатын жаттығуда 27.600 ұпай еншілеп, үш күміс медальға ие болды. Осылайша, Ақмарал Ерекешева бір алтын және төрт күміс медальмен жарысты аяқтады.