Ол ақтық сында Арина Соболенкомен күш сынасады
Әлемнің бірінші ракеткасы қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отандасымыз финалға шығу үшін жартылай финалда америкалық Коко Гауффпен күш сынасты. Матч үш сетке созылып, Рыбакина 3:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Теннисшілер хард кортында бас-аяғы 2 сағат 8 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық теннисші бес эйс жасап, екі қос қателікке жол берді және бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдалана білді.
Осылайша, Елена Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шықты. Ақтық сында ол Беларусь өкілі, отандасымыздың әйлігіл қарсыласы Арина Соболенкомен күш сынасады.