Ұлттық құрама сапында үш спортшы өнер көрсетеді
Испанияның Понтеведра қаласында 23 қыркүйекте триатлоннан Әлемдік серияның финалы басталады. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы U23 санатында және жасөспірімдер арасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық құрама сапына Александр Тен, Рамазан Айнегов және Алуа Нұрмұхамет енді.
Халықаралық турнир 27 қыркүйекке дейін жалғасады.