Дэвис кубогы: Таиландқа қарсы матчта Қазақстан сапында Александр Бублик өнер көрсетпейтін болды
Қазақстан – Таиланд матчы 18-19 қыркүйекте Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығында өтеді
Астанада Қазақстан мен Таиланд теннисшілері Дэвис кубогының Бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне берілетін жолдама үшін бақ сынайды. Бұл матчқа қатысатын Қазақстан ерлер құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық құрама сапына бес теннисші енді:
- Александр Шевченко;
- Денис Евсеев;
- Тимофей Скатов;
- Бейбіт Жұқаев;
- Әмір Омарханов.
Қазақстан құрамасының капитаны – Диас Досқараев.
Таиланд құрамасының сапына келесі спортшылар енді:
- Pawit Sornlaksup;
- Thanapet Chanta;
- Maximus Parapol Jones;
- Kasidit Samrej;
- Pruchya Isaro.
Таиланд құрамасының капитаны – Thanakorn Srichaphan.
Қазақстан – Таиланд матчы 18-19 қыркүйекте Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының хард корттарында өтеді.
Кездесу төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. Бірінші ойын күні, 18 қыркүйекте, екі жекелей кездесу өтеді. 19 қыркүйекте командалар жұптық матч өткізіп, одан кейін тағы екі жекелей кездесу жоспарланған.
Матчтар 18 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 13:00-де, ал 19 қыркүйекте сағат 12:00-де басталады.
Жеңімпаз ұжым 2027 жылғы Дэвис кубогының Бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңіне жолдама алады.