Көшпенділер ойындары: Қазақстан шабандоздары 300 шақырымдық жорықта топ жарды

Автор: Дәулет Ботагөз

Отандық шабандоздар мен тұлпарлар алыс қашықтықты 4 күн ішінде бағындырған

Фото: Туризм және спорт министрлігі

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылған 300 шақырымдық Алыс қашықтықтағы ат жарысында Қазақстан құрамасы қарсыластарынан қара үзіп, алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Отандық шабандоздар мен тұлпарлар 300 шақырымдық күрделі қашықтықты 4 күн ішінде бағындырып, мәре сызығын бірінші болып қиды. Жарыс нәтижесі бойынша жүлделі бірінші орынды және алтын медальді Қазақстан құрамасы еншілесе, екінші және үшінші орындардағы күміс пен қола жүлделер Қырғызстан командаларына бұйырды. 

Бұл тартысты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап, жеңісті қанжығалаған пәрменді бес шабандозымыз: Ернар Ержан, Жарас Төлебай, Жақсылық Ыдырыс, Қанат Реимбай және Ахмет Есен.