Ол жамбы атудан (қырғыз стилі бойынша) сынға түсті
Қазақстан құрамасының спортшысы Абзал Тұлыбеков жамбы атудан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол жамбы атудан (қырғыз стилі бойынша) сынға түсті. Дәлдік пен мергендікті, шеберлік пен сабырды талап ететін ұлттық спорт түрінен Абзал Тұлыбеков қарсыластарынан басым түсіп, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды.
Айта кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Есімбай 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде таяқ тартудан қола жүлдегер атанса, Нұрталап Керім мен Сайлау Мұхаммеджан аударыспақтан алтын медаль жеңіп алды.