Екі сет бәрін шешті: Соболенко US Open-2026 турниріндегі алғашқы матчын өткізді

Автор: Алмас Ерсін

Беларусь теннисшісі қарсыласын екі сетте жеңіп, келесі айналымға шықты

Фото: instagram/arinasabalenka

Әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко АҚШ ашық чемпионатының бірінші айналымында колумбиялық теннисші Камила Осориомен (WTA рейтингінде 59-орын) кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Sports.kz мәліметінше, Нью-Йорктегі «Артур Эш» стадионында өткен кездесу екі сетке созылып, Соболенконың пайдасына 6:2, 6:4 есебімен аяқталды.

Теннисшілер кортта барлығы 1 сағат 27 минут өткізді. Беларусь теннисшісі 2024 және 2025 жылдары жеңіп алған US Open чемпионы атағын қорғауды жалғастырып жатыр. Енді Соболенконың келесі қарсыласы әлемдік рейтингте 160-орында тұрған ресейлік Полина Яценко болады.

Яценко турнирдің бірінші айналымында WTA рейтингінде 74-орында тұрған мексикалық Рената Сарасуаны 4:6, 6:4, 7:6 (10:7) есебімен жеңді.

Тегтер: