Қазақстандық төрт теннисші алғашқы айналымдағы қарсыластарын білді
Бірнеше минут бұрын Нью-Йоркте теннистен АҚШ ашық чемпионатының әйелдер және ерлер арасындағы жекелей сындағы жеребесі аяқталды. Қазақстандық төрт теннисші бірінші айналымдағы қарсыластарын білді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әйелдер арасында әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шығу үшін WTA рейтингінде 580-орында тұрған америкалық Теа Фродинмен кездеседі.
Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Олимпиада чемпионы, турнирде 12-нөмірмен тіркелген швейцариялық Белинда Бенчичпен ойнайды.
Ерлер арасындағы бәсекеде Александр Бублик турнир қожайыны Джей Джей Вольфпен (ATP рейтингінде №248) кездеседі. Қазақстан құрамасының екінші нөмірі Александр Шевченко хорватиялық Дино Прижмичпен (ATP рейтингінде №101) сынға түседі. Қазақстандық теннисшілер қатысатын матчтардың толық кестесі жақын арада белгілі болады.
US Open 2026 турнирі 30 тамыз бен 12 қыркүйек аралығында өтеді. Әйелдер арасындағы жарыстың қазіргі чемпионы – Беларусь өкілі Арина Соболенко, ал ерлер арасында титул испаниялық Карлос Алькарасқа тиесілі.