Бүгін, 06:14
Спорт

Бибісара Асаубаева Франциядағы беделді рапид турнирінде топ жарды

Бибісара Асаубаева Франциядағы беделді рапид турнирінде топ жарды
Фото: instagram.com/bibisarachess

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Францияның Сен-Тропе қаласында өтіп жатқан WR Women’s Chess Tour 2026 турнирінің рапид бәсекесінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Sportarena.kz мәліметінше, қазақстандық шахматшы Германия өкілі Элизабет Петц пен грузиялық Нино Бациашвилиді жеңді. Шешуші кездесуде Асаубаева украиналық шахматшы Мария Музычукпен сынға түсті. Музычук финалға дейін нидерландтық Элин Руберс пен Үндістан өкілі Конеру Хампиді жарыс жолынан шығарған.

Бас жүлде үшін өткен тартыста қазақстандық шахматшы басым түсіп, рапидтен чемпион атанды. Бұған дейін Асаубаева АҚШ-тың Сент-Луис қаласында өткен алтыншы жыл сайынғы Cairns Cup 2026 шахмат супертурнирінде де сәтті өнер көрсеткен.

Онда қазақстандық шахматшы 5 ұпай жинап, үшінші орын иеленді және 35 мың доллар көлемінде жүлде алды.

Рапид (жылдам шахмат) – әр ойыншыға бүкіл партияға 10 минуттан 60 минутқа дейін уақыт берілетін шахмат түрі. Бұл формат ұзақ уақытқа созылатын классикалық шахмат пен жылдам ойналатын блицтің арасындағы нұсқа саналады.