Қазақстандық еркін күрес балуандары Словакиядағы U20 әлем чемпионатында топ жарды

Автор: Алмас Ерсін

Қазақстандық балуандар әлем біріншілігінде екі жүлдеге қол жеткізді

Фото: olympic.kz

Братиславада (Словакия) осы күндері 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әлем біріншілігінде еркін күрес балуаны Нұрасыл Асамбек 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қола медаль үшін белдесуде қазақстандық спортшы Өзбекстан өкілі Ұлықбек Рашидовты сенімді түрде жеңді. Сондай-ақ еркін күрес балуаны Бекасыл Асамбек (61 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды.

Ал Бейбарыс Ерғали (92 келіге дейін) АҚШ өкілі Джеймс Мастниге есе жіберіп, әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.