Спортшы мәреге 1 сағат 47 минут 07 секунд нәтижесімен екінші болып жетті
Түркістанда өткен триатлоннан Азия кубогінің кезеңінде Қазақстан құрамасының өкілі Арлан Жаңабай күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстандық спортшы Арлан Жаңабай мәреге 1 сағат 47 минут 07 секунд нәтижесімен екінші болып жетті. Бірінші орынды бейтарап ту астында өнер көрсеткен ресейлік Роман Минеев 1:46:38 нәтижесімен иеленді. Үздік үштікті 1:47:23 көрсеткішімен Жапония өкілі Рен Сато түйіндеді.
Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан намысын қорғаған өзге спортшылар да жүлделі орындардан көрінді. Темірлан Теміров 9-орын, Дарын Қонысбаев 12-орын, Ельмұрат Қанай 23-орын, Максим Шмулич 29-орын, ал Алинаби Маралбеков 35-орын иеленді.
Қыздар арасындағы жарыста Қазақстан құрамасынан ең үздік нәтижені Диана Ержанова көрсетті. Ол 2 сағат 14 минут 43 секунд нәтижесімен 8-орынға тұрақтады. Арина Шульгина 12-орын, ал Аида Ким 13-орын алды.