17 жастағы қазақстандық балуан әлем чемпионы атанды

Автор: Алмас Ерсін

Дияр Аманәлі 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында венгриялық қарсыласын жеңді

Фото: olympic.kz

Қазақстандық Дияр Аманәлі Әзербайжанның Баку қаласында өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Дияр Аманәлі финалда Венгрия өкілі Кеве Ковачты жеңіп, әлем чемпионы атағын иеленді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында әлем чемпионатындағы екі медаль бар.

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметінше, бұған дейін 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әли Алмас күміс жүлдеге ие болған еді.

Тегтер: