Оның әлі де медаль жеңіп алатын мүмкіндігі бар
Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясындағы турнирдің жартылай финалында қарсыласына есе жіберіп қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы ширек финалға дейін жетіп, онда франциялық Энцо Джинмен белдесті. Бұл кездесуде жеңіс француз дзюдошысына бұйырды.
Соған қарамастан, Елдос Сметовтің Гран-при турнирінің медалі үшін күресуге мүмкіндігі сақталып отыр. Егер ол жұбаныш белдесуінде жеңіске жетсе, қола медаль үшін күреседі.
Ал Талғат Орынбасар (60 келіге дейін), Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін) және Бақыт Құсақбаева (57 келіге дейін) Циндаодағы жарысты аяқтады.