ӘЧ-2026: Жапония соңғы сәттерде Нидерландтың жеңісіне жол бермеді

Автор: Алмас Ерсін

Нидерланд құрамасы матч барысында екі рет алға шыққанымен, жапон футболшылары жігер танытып, кездесуді тең нәтижемен аяқтады

Фото: © istockphoto.com

Нидерланд пен Жапония құрамалары 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі алғашқы тур матчында жеңімпазды анықтай алмады. F тобындағы кездесу 2:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Бірінші таймда есеп ашылмағанымен, үзілістен кейін ойын қыза түсті. Кездесудің 50-минутында нидерландтық қорғаушы Вирджил ван Дейк есеп ашты. Алайда жеті минуттан соң шабуылшы Кэйто Накамура таразы басын теңестірді.

64-минутта Крисенсио Саммервилл еуропалық құраманы қайтадан алға шығарды. Дегенмен нидерландтықтар басымдықты сақтап қала алмады. Негізгі уақыттың аяқталуына бір минут қалғанда жартылай қорғаушы Даити Камада гол соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі – 2:2.

Алғашқы турдан кейін екі құрама да бір ұпайдан жинап, F тобындағы турнир кестесінің көш басына шықты. Кейінірек осы топта Швеция мен Тунис құрамалары өзара кездеседі.