Жозе Моуриньо араға 13 жыл салып, «Реалға» ресми түрде оралды

Автор: Асыл Арман

Ол «Реал» командасын 2010-2013 жылдары жаттықтырған

Фото: gettyimages.com

Әйгілі португалиялық футбол маманы – Жозе Моуриньо Испанияның «Реал» командасына ресми түрде оралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жозе Моуриньо бүгінге дейін Португалияның «Бенфикасын» жаттықтырып келген. Португалиялық команда бас бапкер үшін мадридтің «Реалы» 15 млн еуро өтемақы төлегенін ресми түрде растады.

Осыған дейін БАҚ беттерінде Моуриньоның испаниялық командаға қайта оралып, 2028 жылға дейін келісімшарт жасасып, 7-8 млн еуро көлемінде жалақы алатыны туралы сыбыс тараған.

63 жастағы маман «Бенфика» командасының тізгіні 2025 жылдың қыркүйегінде алған. Оның жетекшілігімен ұжым 45 ойын өткізіп, 27-сінде жеңіске жетсе, 10 матчта тең түсіп, 8-інде тең түскен.

Айта кетерлігі, португалиялық маман 2010-2013 жылдары мадридтік ұжымға жетекшілік еткен. Ол 2011/2012 маусымында Испания чемпионы атанып, сол жылы Испанияның Суперкубогын ұтып алған. Ал 2010/2011 маусымында Испания кубогына ие болды. Оның жаттықтыруымен «Реал» командасы 178 ойынға қатысып, 128-інде жеңіске жеткен. Сол сияқты 28 матчта тең түссе, тағы 22 кездесуде ұтылып қалған.