Бүгін, 01:18
Спорт

Зейнолла Ыдырысов Словениядағы Challenge Cup кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст ат снарядындағы жаттығуда 14,133 ұпай жинап, турнирдің күміс жүлдегері атанды

Зейнолла Ыдырысов Словениядағы Challenge Cup кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық гимнаст Зейнолла Ыдырысов Словенияда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінің үшінші кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Идрисов ат снарядындағы жаттығуда 14,133 ұпай жинап, екінші орын иеленді. Ал 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов 13,233 ұпаймен жетінші орынға тұрақтады.

Алтын медальді хорватиялық Матео Зугеч жеңіп алды. Оның нәтижесі – 14,166 ұпай. Қола жүлде 14,100 ұпай жинаған британдық Джошуа Натанға бұйырды.

Тағы бір қазақстандық спортшы Роман Маменов тіреп секіру жаттығуының финалында өнер көрсетеді.

Айта кетейік, спорттық гимнастикадан Challenge Cup-2026 турнирінің үшінші кезеңі Копер қаласында 28–31 мамыр аралығында өтіп жатыр. Жарыста жекелеген снарядтар бойынша жалпы он жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы атынан төрт спортшы қатысуда.