Спортшы бөренеде орындалатын жаттығуда алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасының спорттық гимнастика өкілі Эвелина Ежова Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҰОК-ке сілтеме жасап.
Спортшы бөрене жаттығуында алтын медаль жеңіп алды. Финалда Эвелина Ежова 12,850 ұпай жинады.
Екінші орынды Тина Зельчич иеленді – 12,650 ұпай. Ал қола медаль Дилдора Арипова еншісіне бұйырды – 12,450 ұпай.
Сондай-ақ бүгін, 24 мамырда Дияс Тойшыбек күміс жүлдегер атанды. Ол кермедегі жаттығуда екінші нәтиже көрсетті. Ал тіреп секіру бағдарламасында Алтынхан Темірбек қола медаль иеленді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында бес медаль бар. Бұған дейін Эмиль Ахмеджанов еркін жаттығуда топ жарса, Дияс Тойшыбек ат снарядындағы жаттығуда қола жүлдеге қол жеткізген болатын.