Қазақстан құрамасынан жалғыз чемпион атанған боксшы – Нұрасыл Төленбек
Қазақстанның ерлер құрамасы Сербияда өткен «Белград жеңімпазы» халықаралық турнирінде бір алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасынан жалғыз алтын медальді Нұрасыл Төленбек жеңіп алды. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда кубалық Винсент Луис Энрикені төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен айқын жеңді.
Сондай-ақ Нұрбек Мурсал (70 кг) мен Ибрагим Бетаев (90 кг) та алтын жүлдеге таласты. Алайда екеуі де финалда төрешілердің екіге бөлінген шешімімен қарсыластарына есе жіберді. Нұрбек Мурсал черногориялық Милош Рогановичтен ұтылса, Ибрагим Бетаев кубалық Уильямс Нельсонға жол берді.