Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында ескек есуден 16 медаль жеңіп алды

Автор: Алмас Ерсін

Жарыс жеңімпаздары атанғандар – Стелла Суханова мен Ольга Шмелева

Фото: olympic.kz

Қытайдың Хэфэй қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионаты аяқталды. Бұл додада Қазақстан құрамасы 16 медаль иеленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.

Команданың қоржынында 2 алтын, 5 күміс және 9 қола жүлде бар.

Азия чемпионатында алтын медаль алғандар: Стелла Суханова – 1000 метр қашықтықта байдаркада жеке жарыста, ал Ольга Шмелева – 200 метр қашықтықта байдаркада жеке сайыста топ жарды.

Алтын

  • Стелла Суханова, байдаркада жеке жарыс (1000 м)
  • Ольга Шмелева, байдаркада жеке жарыс (200 м)

Күміс

  • Артем Терещенко мен Ольга Шмелева, байдаркада екілік (аралас, 500 м)
  • Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая, байдаркада екілік (500 м)
  • Бекарыс Раматулла, байдаркада жеке жарыс (500 м)
  • Кирилл Тубаев, байдаркада жеке жарыс (5000 м)
  • Стелла Суханова, байдаркада жеке жарыс (5000 м)

Қола

  • Тимофей Емельянов мен Владислав Руденко, байдаркада екілік (1000 м)
  • Мария Бровкова, каноэде жеке жарыс (500 м)
  • Виктор Степанов, каноэде жеке жарыс (200 м)
  • Сергей Емельянов мен Алишер Хаетов, каноэде екілік (500 м)
  • Бекарыс Раматулла мен Дмитрий Холмогоров, байдаркада екілік (500 м)
  • Сергей Емельянов мен Руфина Искакова, каноэде екілік (аралас, 500 м)
  • Стелла Суханова, байдаркада жеке жарыс (500 м)
  • Мария Бровкова, каноэде жеке жарыс (5000 м)
  • Эвелина Костенко, Ольга Шмелева, Татьяна Токарницкая және Стелла Суханова, байдаркада төрттік (500 м)