Жібек Құламбаева Қытайдағы ITF турнирінде жұптық сында чемпион атанды

Автор: Алмас Ерсін

Қазақстандық теннисші Баотоу қаласында өткен жарыста сенімді жеңіске жетті

Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Баотоу қаласында өткен ITF W50 сериясындағы турнирде жұптық сында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Финалда Құламбаева ресейлік Екатерина Рейнгольдпен бірге Италия өкілі Дилетта Черубини мен Қытай теннисшісі Ченги Юаньнан құралған жұпты айқын басымдықпен жеңді. Кездесу толықтай қазақстандық-ресейлік дуэттің үстемдігімен өтіп, 6:1, 6:1 есебімен аяқталды.

Бұл жеңіс Құламбаеваның жоғары спорттық бабын тағы бір мәрте дәлелдеді. Теннисші Билли Джин Кинг кубогындағы ұлттық құрама сапындағы ойындардан кейін де қарқынын жоғалтпай, ілгерілеп келеді.