19 жасқа дейінгі боксшылар арасында өткен жарыс World Boxing ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған
Бангкок қаласында Futures Cup халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды, оның төртеуі алтын, төртеуі күміс және үш қола, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Алтын медаль иегерлері:
Айдана Убайдуллақызы (80 кг)
Досжан Жұмахан (60 кг)
Хамза Мақсатұлы (75 кг)
Бейбарыс Әшірбай (70 кг)
Күміс жүлдегерлер:
Жалғас Өтебеков (90 кг)
Камила Оспанова (70 кг)
Тимур Тайбеков (80 кг)
Владислав Саможонов (90+5 кг)
Қола медаль алған спортшылар:
Нұрсұлтан Қыстаубай (85 кг)
Ақнұр Тұрсынғали (57 кг)
Зарина Толыбай (75 кг)
Айта кетейік, бастапқыда Қазақстан ұлттық бокс құрамасының Futures Cup турниріне берген өтінімінде 19 боксшы болған.