Сондай-ақ оның бапкерлері де осы орденді иеленді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XXV Қысқы Олимпиада ойындарындағы жетістіктері үшін Михаил Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен, бапкері, жаттықтырушы-кеңесші Алексей Урмановты ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Республикасының мәнерлеп сырғанаудан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Әсем Қасановаға, мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы Станислав Шайдоровқа, Қазақстандық конькимен мәнерлеп сырғанау одағының президенті Бауыржан Ералыға «Құрмет» ордені табысталды.
Айта кетейік, бүгін Тоқаев Ақордада Италияда өткен XXV Қысқы Олимпиада ойындарынан жеңіспен оралған Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын қабылдаған болатын.