Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров қанша сыйақы алады

Автор: Дәулет Ботагөз

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров алтын медаль алған еді 

Фото: ҰОК

Миланда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров тарихи жеңіске қол жеткізді. Ол ерлер арасындағы жекелей сында алтын медаль иеленді, деп деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қысқа бағдарламадан кейін жерлесіміз 92,94 ұпаймен бесінші орында тұрған болатын. Алайда еркін бағдарламада Михаил нағыз шеберлік танытып, ең қиын элементтерді мінсіз орындады.

Нәтижесінде ол жалпы есепте 291,58 балл жинап, басты фавориттерді басып озды. Бұл медаль – Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан алынған тұңғыш Олимпиада алтыны.

Чемпион қанша сыйақы алады?

Қазақстан заңнамасына сәйкес, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне мемлекет тарапынан қомақты қаржылай сыйақы төленеді.

Михаил Шайдоров Олимпиаданың алтын медалі үшін 250 мың доллар (шамамен 123,7 миллион теңге) көлемінде сыйақы алады.

Сондай-ақ, басқа орындар үшін де төлемдер қарастырылған:

  • Күміс медаль: 150 мың доллар;
  • Қола медаль: 75 мың доллар;
  • 4-орын: 30 мың доллар;
  • 5-орын: 10 мың доллар.

Айта кетейік, бұл сомалар қазіргі ресми бағам бойынша есептелген.