Ұлттық құрама жүлдегерлер қатарынан көрінді
Сауд Арабиясында өтіп жатқан тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында ұлттық құрама жүлдегерлер қатарынан көрінді. Бұл жолы қазақстандық спортшылар командалық жарыста үздік үштікке енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан доданың кезекті күнінде «элита» санатының спортшылары арасында аралас командалық жарыс ұйымдастырылды. 31,6 шақырымға созылған қашықтықта Қазақстан намысын мына спортшылар қорғады:
Мәре сызығын екінші болып кескен отандастарымыз күміс жүлдені иеленді. Бұл сында алтынды Гонконг құрамасы алса, қола жүлде Қытай спортшыларына бұйырды.
Айта кетейік, бұл турнир Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды. Бұған дейін ерлер арасындағы жекелей сында (31 км) Азия ойындарының жеңімпазы Евгений Федоров алтын, ал Николя Винокуров күміс жүлде алған болатын. Сонымен қатар, U23 санатында Мансур Бейсембай Азия чемпионы атанды.
Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында 3 алтын және 2 күміс медаль бар.
Велоспорттан құрлықтық дода 12 ақпанға дейін жалғасады.