Қазақстандық теннисші Аустралияда өткен жарысқа қатысты
Қазақстанның үздік теннисшісі Юлия Путинцева (WTA әлемдік рейтингінде №71) Аустралияда өтетін Брисбен турнирінің іріктеу кезеңінде жеңіспен старт алды. Бірінші матчында Путинцева австралиялық Присцилла Хонды екі сетте жеңіп, 6:4, 6:3 есеп көрсеткішімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іріктеу кезеңіндегі келесі матчында Путинцева тағы бір австралиялық теннисші — Оливия Гадецкимен кездеседі. Жеңіске жетсе, Қазақстанның теннисшісі турнирдің негізгі бәсекесіне жолдама алады.
Брисбен турнирінің негізгі сатысы 2026 жылғы 4-11 қаңтар аралығында өтеді. Сезонды сәтті бастаған Путинцева әлемдік WTA рейтингінде өз орнын жақсартуға мүмкіндік алады.