Криштиану Роналду соңғы 15 жылда алғаш рет бір жылды хет-триксіз аяқтады

Автор: Аягөз Құрмаш

Роналду бүкіл футболдағы мансабында 66 хет-трик жасаған

Фото: cristiano/instagram

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» футбол клубының шабуылшысы әрі капитаны Криштиану Роналду 2025 жылды соңғы 15 жылда алғаш рет хет-триксіз аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Биыл футболшы барлығы 41 гол соқты. Бұл туралы 30 желтоқсанда түркиялық Sporx порталы X әлеуметтік желісінде хабарлады.

Нақтыланған мәліметке сәйкес, Роналду бүкіл футболдағы мансабында 66 хет-трик жасаған.

Оның 56-сы клубтық деңгейде, ал 10-ы Португалия құрамасының сапында тіркелген. Портал дерегінше, Роналдудың жыл сайын кемінде бір хет-трик жасап отыру сериясы 2009 жылдан басталған.